Спортпен шұғылданудың пайдасы
Мектебімізде 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай волейболдан турнир ұйымдастырылды. Барлығы 4 команда болды соның бірі Қарасай Батыр және Көкшетау қаласынан құрама командалары келсе , қалған екі команда мектеп мұғалімдері мен оқушылары болды. Ойын тартысты болды. Барлық командалар осал болған жоқ, сол командалар арасынан Қарасай Батыр командасы 1- орынды иеленді. 2-3 орындарды Көкшетау қаласынан келген жерлестеріміз бен мектеп оқушылары иеленді. Осы сайысқа демеушілік жасаған Уалиев Санат Қуатұлына алғыс білдіреміз.
#Тәуелсіздікке30жыл
#Салауаттыөмірсалты
Дата публикации: 19.12.2021