Адал Ұрпақ

Алқатерек орта мектебінің «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмысы туралы ақпарат

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспары құрастырылып нақты өткізілетін іс-шаралардың тақырыптары мен оларды өткізуге жауаптылар, іс-шараларға қатысатындар мен оларды өткізу мерзімдерін көрсетілді. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының құрамына 9-11 сынып оқушылары кіреді, олармен бірге отырыс өткізілді, 2020-2021 оқу жылына мақсат пен міндеттері қойылды. Санитарлық талаптарды сақтай отырып 9-10 сынып оқушыларымен «Қоғамдық тәртіп негізі» дөңгелек үстел өткізілді. Пікірталастар өткізу арқылы оқушылар тәжірибе бойынша өз пікірлерін ортаға салады. Көзқарастарымен бөліседі. Оқушылар «Тәртіпсіздікке нөлдік шыдамдылық» мәдениетін қоғамда қалыптастырудың неліктен маңызды екендігі туралы ойларын ортаға салады. «Сыбайлас жемқорлық қоғамның мемлекеттік қызметкерлерге деген сенімін жоятындығын тілге тиек етеді.

Бұны болдырмау үшін әркім не істей алады?» Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет қандай болады деген тақырып көтерді. Қазан айында мектебімізде «Қазақстан- құқықтық мемлекет» айлығы өткізілді. Бастауыш сыныптар арасында еліміздің сайлау қағидаттарына сҽйкес «Сынып басшысын сайлау» сюжеттік-рөлдік ойын ТІЖО Алина Г.К. ұйымдастырды. «Адал Ұрпақ» клубының мүшелері сюжеттік- рөлдікті ұйымдастырып өткізуге зор үлес қосты. Ең алдымен, балаларға сайлаудың ережелері түсіндірілді. Әр сыныптың үміткерлері өз сайлау алдындағы бағдарламасын жариялады. Содан сол, оқушылар бюллетеньге белгі қойып өз дауыстарын берді. «Адал Ұрпақ» мүшелері ерікті мектеп клубына жаңа мүшелерді қабылдау рәсімін өткізді. Жаңа қабылданған оқушыларға «Адал Ұрпақ» клубының төсбелгісі тағылды. Мектебімізде «Мәңгілік Ел» жалпыазаматтық құндылыктарды насихаттау, заң алдында барлығының тең екендігін үйрету, еңбексүйігіштікке, адалдыққа тәрбиелеу мақсатымен «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері бастауыш сыныптар арасында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» сурет байқауын өткізді. Бастауыш сынып жетекшілері оқушыларға адал және сатылмайтын еңбек жайлы мәлімет берді. Желтоқсан айында «Адал Ұрпақ» мектеп ерікті клубының мүшелері «Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу» іскерлік ойының қашықтық түрінде өткізді. Мақсаты: Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының жұмыстарының маңыздылығы мен тиімділігі туралы білгізу. Мемлекеттік қызмет көрсетудің қыр-сырын ұғындыру. Іскерлік ойынның барысында 5-8 сынып оқушылары әр түрлі сұрақтарға жауап беріп өздеріне жаңа мәлімет алды. Қаңтар айында жоғары сынып оқушылары арасында

«Сыбайлыс жемқорлық құқық бұзушылығың картасы» жоба сайысы өткізілді. 10 сынып оқушылары осы сайыстың жүлдегерлері болып аттанды. Іс-шараның мақсаты- Аймақтың БАҚ–тан жарияланған сыбайлық жемқорлық бойынша құқық бұзушылық туралы мәліметтерге мониторинг жасау. Ақпан айында «Адал Ұрпақ» клубының мүшелері «Жемқорлықпен қалай күресеміз» пікір – сайыс өткізді. Мақсаты: Ар-ожданды, жауапкершілікті, мейірімділікті, адалдықты, әділдікті насихаттайтын қойылым қою арқылы балалардың бойында жақсы қасиеттер қалыптастыру.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Алина Г.К.